Жаңалықтар 09.11.2021 сағат 10:20

«Головкин мен Канелоның қайта кездесуіне аз уақыт қалды» - DAZN

DAZN-нің айтуынша, олардың жекпе-жегі даулы болды, боксшылардың жанкүйерлері жекпе-жекке қатысты әлі де түрлі пікір айтады.
«Головкин мен Канелоның қайта кездесуіне аз уақыт қалды» - DAZN
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Dazn стриминг платформасы орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Үміткерлер қатарына "Канелоның" бас антагонисі - IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин де енді. Қарсыластар рингте екі рет кездескен еді: бірінші жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде тең есеппен аяқталды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңді. DAZN-нің айтуынша, олардың жекпе-жегі даулы болды, боксшылардың жанкүйерлері жекпе-жекке қатысты әлі де түрлі пікір айтады.

"Головкин мен Альварестің қайта кездесуіне аз уақыт қалды. 39 жастағы Головкин жеңіс үшін мүмкіндігі шектеулі және бұл Альвареске орта салмақтағы IBF белдігіне үміткер болуға мүмкіндік береді. Сенбіде Плантты жеңгеннен кейін, Альварес карьерасынан барынша пайда табуға және мұра қалдырғысы келетін ұмтылысын талқылады, pound-for-pound санатында екінші орын алуы боксшының түйіндемесін жақсартады", - делінген DAZN басылымында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар