09.11.2021, 18:00

Украинада қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз таратқан сайт бұғатталды

Фото: ашық дереккөзі
Сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.

Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды, – делінген Украина Іім баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы («Жеке өмірге қол сұғушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Baribar.kz.kz