$ 444.32  473.33  4.76

Ақтау тұрғыны көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған (ВИДЕО)

Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған.

Ақтауда ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағынаудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Тауық қора салу идеясы Русланға бір айдан аса уақыт бұрын келген. Оның себебі - азық-түліктің қымбаттауы. Шатырдың кілтін ПИК-тен алған. Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған.

"Төбе қоқысқа толы болды. Тазалап, дұрыстадым, бөлмені жылыттым", - деді ол.

Басында кейбір тұрғындар тамақ пен тамақ қалдықтарын беріп көмектескен. 10 қараша, сәрсенбіде полиция келген. Себебі көршілер жағымсыз иіс пен түндегі құстардың дауысына шағымданған.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы ("Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу") және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ, қала мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Енді Русланға 65 мың теңгеден аса айыппұл салынады. Фермер құстар мен қояндарды қораптарға салып, үйіне алып кетті. Енді оларды жеке шаруашылығы бар адамдарға беруге мәжбүр болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары