«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Еске салайық, бүгін Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.