$ 447.4  477.55  4.76

Елде бензин тапшылығы бар ма?

Бензин экспорттауға 6 айға дейін тыйым салынбақ.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Биыл қазанда елімізде көмір, дизель және газ ерекше қымбаттады. Ұлттық банк сараптамасына сүйенсек, республика бойынша дизель бағасы 16,6%-ға, газ бағасы 6,4%-ға, көмір бағасы 2,1%-ға өскен. Бұдан бөлек елде бензин тапшылығы да байқалуда. Осы орайда бірнеше мемлекеттік орган дизель, бензин және мұнай өнімдерінің бірнеше түрін экспорттауға 6 ай тыйым салу туралы бірлескен бұйрық жариялады. Бұйрық 21 қарашадан бастап күшіне енуі тиіс, деп жазады Skifnews порталы. 

Дегенмен Энергетика министрлігі бензин тапшылығы жоқ, нарықтағы жағдай тұрақты деп отыр. Министрлік мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын және ондағы қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті екенін мәлімдеді. Бензин бағасының да өсуіне ешқандай негіз жоқ дейді. 

Статистикаға сүйенсек, елімізде бензин бағасы соңғы үш жылда 15 теңгеге ғана өскен. Яғни 163 теңгеден 179 теңгеге жеткен. Бірақ бұл көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. Мысалы АИ-92 бензині Қырғызстанда 289 теңге, Өзбекстанда 323 теңге, Ресейде 287 теңге. 

Жанар-жағармай бағасын реттеу Энергетика министрлігінің құзырында емес. Баға нарыққа байланысты. Дегенмен министрлік барынша жанар-жағармай тапшылығын болдырмау және баға өсімінің алдын алу үшін қажетті шараларды қолға алуда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Мұрат Жөребеков мәлім етті. 

«Бүгінде елімізде бензиннің бағасы тұрақты. Себебі бензин қажетті мөлшерде өндіріліп, жөнелтіліп жатыр. Иә, кейбір бензин өндірушілер нарық тұрақсыздығын пайдаланып бағаны өсіріп, қалта қамын ойлауы мүмкін. Осы орайда біз мониторинг жүргізіп отырмыз, мақсат – жанар-жағармай тапшылығы мен баға өсуінің алдын алу және болдырмау», - деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары