Полицейлер ресейлік нөмірі бар машиналарға қырғидай тиісе бастады. Елімізде мұндай көліктердің 200 мыңнан астамы бар екені белгілі болды, ал олардың тең жартысы тіркелмеген, яғни олар заңсыз жүрген болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
Қызметкерлер рейдтер ұйымдастырып, жүргізушілерді тоқтатып, көліктерді айыптұрағына қоя бастаған. Бұған жауап ретінде көлік жүргізушілері наразылық акциясын ұйымдастырды. Мұндай толқулар бірнеше қалаларда болып өтті. Жиналғандар мемлекет халықтың жағдайын түсініп, көлікті арзанырақ тіркеуге рұқсат етуін сұрайды.
"Біз мемлекеттің жағдайымызды түсінгенін қалаймыз. Бұл көліктерді еш кедергісіз тіркеуге мүмкіндік берсін, яғни Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 42 500 деп белгілеген болса тіркеу ақысы осы қаржының шеңберінен асып кетпейтін болсын", - дейді жиналғандар.
Жүргізушілер әсіресе көлікті тіркеу және қайта өңдеу ақысы үшін төленетін қомақты сомалар үшін шағымданады. Мысалы үшін, көлемі 2,5 литр болатын, айталық, 4 жыл болған седан үшін шамамен 3 миллион теңге төлеуге тура келеді. Бұл көліктің өзінің жарты бағасы.
Бір жағынан көлік иелерін де түсінуге болады. Осымен бірнеше жыл қатарынан көліктердің бағалары қымбаттауда, ал жаңасын алуды кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Бірақ, екінші жағынан олар шетелден көлік сатып аларда оны Қазақстанда тіркеу қажет екенін жақсы түсінді ғой. Ал мұндай әрекетке олар кездейсоқтыққа ниет артып барды ма?
Ендеше, автокөлік жүргізушілері не істеулері керек, утильсбор ақысы не үшін қажет, оларды кімге төлейді және неліктен ресей нөмірлері армян тарихымен жүргізілмейді?
Полицейлер ел аумағындағы барлық ресейлік көліктерді санап шықты. Олардың саны 210 мың-ға жетіп жығылған. Және олардың барлығы біздің жолдарда заңды түрде жүрген жоқ.
"Ішкі істер министрлігі сақтандыру компанияларының барлық деректерін сұрап, оларды тексеру үшін Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігіне жіберді және бұрын Қазақстан азаматтары Ресей азаматтарынан сатып алған 88 мың автокөлік қазіргі уақытта есептен шығарылғаны туралы растама қағазын алды", - дейді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары Серік Түсіпов.
Заң шеңберінде басқа мемлекеттен айдалып әкелінген көлік 10 күннің ішінде тіркеуге қойылуы қажет. Алайда қожайындары шетелдік көліктерді Қазақстанда тіркемеген. Осылайша, көліктер ауада қалып қойған.
"Түнгі 3-тің шамасында мені тоқтатып, көлігімнің тіркеуде тұрмағанын айтып, айыптұрағына жіберді", - дейді Нұржан Есеркепов.
Жүргізілген рейдтер әсіресе тіркелмеген көлік иелерін шошытқан. Сондықтар олар бірден төрт бірдей қалада наразылық акциясын ұйымдастырған. Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Ақтөбеде және Оралда жиналғандар елімізде көлік тіркеу бағасының тым қымбат екенін дәлелдегісі келеді.
"Егер утильсборды алып қарайтын болсақ, мемлекеттік, кедендік осының барлығы менің көлігімінің бағасынан қымбат болып шығады. Мен өзім оны 3500-ге алдым. Және мен есептеп шықтым, мұның барлығы қосылса 4,5-5 миллион теңгеден асып кетеді", - деп шағымын білдіреді Алмаз Айгозин.
Елордалықтар көк байрақты нөмірлер үшін жарты миллион ғана төлеуге дайын екендерін айтады. Алматылықтар болса – 300 мыңның ішінде. Ақтөбелік жүргізушілер бұл соманы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін түсіргілері келсе, ал Оралда оларды мүлдеп кешіруін сұрайды.
"Міне тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қылмыскерлерді босатып жатыр, амнистия жариялауда ал біз оған қарсы емеспіз, тек қолдаймыз. Біз енді қылмыскер емеспіз ғой. Сондықтан бізге де амнистия берсін", - дейді Ғалиулла Иксанов.
Өткен жылы билік шынымен де бұрын-соңды болмаған жомарттық танытқан. Армян көліктерін бар болғаны 12 мың теңгеге тіркеуге рұқсат берді. Бірақ оларды сатуға немесе сыйға тартуға болмайды деген щартпен. Мамандар мұндай әрекет енді қайталанбауы қажет деп есептейді.
"Адамгершілік жағынан мен адамдарды жақсы түсінемін. Яғни, олар жағдайы жақсы болса мұндай көліктерді алмас еді. Бірақ егер біз қазір бір қулықпен көліктерді салық төлемей, техникалық тексеруден өткізбей алып келген адамдарға кешірім жасайтын болсақ, онда заңға бағынатын азамат салық төлейді де, ал басқасының жағдайын түсінуіміз керек болып қалады. Бұл дұрыс емес", - деп түсіндіреді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков.
Экономист Айдар Әлібаев утильсбор ақысын еуропалық стандарттарға дейін азайту керек деп санайды. Онда көлік үшін бар болғаны 150 еуро алады. Төлемді толығымен алып тастаса тіпті жақсы дейді ол.
"Біз 25 жылдан кейін бұл көліктің тағдыры қандай болатынын білмейміз. Мүмкін ол Ресей аумағында жүретін шығар. Утильсбор төлемі көлік иесі көлігінің әбден тозығы жеткенін көргенде ғана төлейтін қаржы, ол арнайы кәсіпорынға барады. Иесі әбден тозған көлікті тапсырып, сол үшін ақша төлейді", - дейді Айдар Әлібаев.
Миллиондаған алым отандық автоөнеркәсіпті қолдауға жұмсалады дейді мамандар және олардың сөздерінше бұдан еш пайда жоқ көрінеді. Біздің өндірушілер тұтынушылық сұранысты қанағаттандыра алмай отыр дейді олар, ал жаңа көліктің бағасы тек өсу үстінде.
"Егер біз қазір қолданылған көліктерді импорттауға кедергіні төмендететін болсақ, оның ішінде жаңа көліктер де бар әрине. Яғни, сол кезде нарық қайта толыға бастайды", - дейді Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков.
Сонда седандар мен кроссоверлер арзанырақ болады. Ал қазақстандықтар ресейлік ескі көліктердің соңынан жүгірмейтін болады.
Біздің шенеуніктер жеңілдіктер жасайды ма, әлде жоқ па әзірге ол жұмбақ күйінде қалып отыр. Көлікті тіркеу көліктің өзінің бағасынан неге қымбатқа түсетініне тиісті ведомствоның өзі жауап бере алмай отыр. Әзірге бір ғана нәрсе айқын: иелері ресейлік көліктерді тіркеуге қою қажет немесе туған жеріне қайтаруы тиіс. Ең соңғы амал – көлікті бөлшектеп сату, себебі ел аумағында тіркеусіз көліктердің жүруіне тыйым салынған.