Жаңалықтар 16.11.2021 сағат 12:00

Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді

Ел аузында "Қара бүркіт" атанып кеткен мекемеде 11 адам жұмысқа орналасқан.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді
Фото: voxpopuli.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өмір бойына сотталғандарға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі тарихында бірінші рет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Ел аузында "Қара бүркіт" атанып кеткен мекемеде 11 адам жұмысқа орналасқан. Бұл елдегі өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар түсетін жалғыз түрме.

"Қылмыстық-атқару жүйесі тарихында алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды жұмысқа тартып отырмыз. Жұмыс камераларын өзіміз жабдықтадық. Бұған дейін мұндай камералар болмаған", - деді ҚК 161/3 мекемесінің бастығы Нұрбек Қабдікәрімов. 

Телеарна кейіпкерлерінің бірі аса ауыр қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған - Максим Хатмуллин. Ол түрмеде отырғанына жиырма екінші жыл болады. Жұмыс болмаған кезде тіл үйреніп, оқып, сурет салу техникасын меңгерген.

"Жұмыс мәселесі шешілді, бұл - үлкен жетістік. Мен үшін бұл көп нәрсе береді. Бұл тек ермек, ақша табу немесе басқа нәрсе емес. Қоғамға тәуелді емес екеніңізді түсінесіз", - деді Қылмыстық кодекстің 161/3 бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Максим Хатмуллин.

Сотталғандар Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істейді: сегіз сағаттық ауысым, өтемақы және төленетін демалыс.

Бәріне темір тордың ар жағында кәсіппен айналысуға рұқсат берілмейді. Тігін машинкасына кім отыра алатыны психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдалды, тұтқындардың хоббиі ескеріледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар