$ 444.22  476.38  4.82

«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

Олар Қазақстанның атынан халықаралық сұлулық байқауларында өнер көрсетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазылар алқасы қиын таңдауға тап болды. 15 арудың ішінен тек біреуін ғана таңдау қиынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан аруы" халықаралық байқауының 25 жылдығына орай ерекше шешім қабылданды. Байқаудың ресми сайтында өткен жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша, бірден үш қатысушы "Қазақстан аруы-2021" атағына ие болды.

Олар Қазақстанның атынан халықаралық сұлулық байқауларында өнер көрсетеді.

Сонымен, "Жаһан ару" байқауында еліміздің намысын Анна Глубоковская қорғайды. Айдана Ахантаева "Әлем аруы" аттанады. Назерке Қарманова "Әлем аруы" атағына таласады.

"Қазақстан аруы-2021" байқауының жеңімпаздарын Мадина Батық пен атақты скрипкашы Марат Бисенғалиев марапаттап, бастарына тәж кигізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары