Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығының болашағы туралы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайлы қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.
Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу туралы өз ойын білдірді. Ол болашақ қаржы жүйесінің негізгі элементі бола алатын цифрлық теңгені енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.