21.11.2021, 22:01

Атырауда жас балалар күшікті суға тұншықтырып ойнаған (видео)

Фото: ашық дереккөз
Бейнежазбада кинолог әлжуаз күшікке бірнеше екпе егіп, оны өзінің қамқорлығына алатындығын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде бір әйел жолда балалардың қапқа салынған белгісіз затты суға батырып жүргенін байқап қалғанын жазып, жәрдем сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен кинолог қаптың ішінен кішкене күшікті тауып алды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Мен өтіп бара жатып қаптың ішінде бірдеңе қимылдағанын байқап қалдым, деп жазған әлгі әйел Instagram-дағы kinolog.dressirovka_sobak парақшасына.

Оқиға орнына жедел жеткен кинолог Мамучар Ящуев суға жартылай батқан қап ішінен кішкене күшікті тауып алды.

Күшік қатты тоңғандықтан дірдек қағып тұр. Аш, арық, әлжуаз. Өзі ауруға шалдыққан. Шынымды айтсам, мен үйіме ит-мысық қабылдауды доғарған едім. Паналатқан жануарларымның саны 103-ке жетті. Бірақ мынадай жағдайдан кейін не істеуге болады, — деп мұңын шағады кинолог Мамучар.

Бейнежазбада кинолог әлжуаз күшікке бірнеше екпе егіп, оны өзінің қамқорлығына алатындығын мәлімдеді.