$ 443.85  474.3  4.8

Кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы белгілі болды

Бокс кеші 18 желтоқсан күні өтеді.
Фото: instagram
Фото: instagram

Жеңіліп көрмеген отандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елордада өтетін бокс кешінде Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон болмақ. Боксшылар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді. Қазір бұл титул Данте Хардонға тиесілі.

Айта кетейік, Данте Хардон кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен (оның 25-і нокаутпен) және 7 мәрте жеңіліс тапқан.

Ал отандасымыз Данияр Елеусінов 10 мәрте жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын нокаутпен жеңген.

Былғары қолғап шеберлерінің кездесу 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Осы кештің андеркартында ауыр салмақтағы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен жекпе-жек өткізеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары