$ 494.87  520.65  4.91

Хат қалдырған: Гвардейск гарнизонында офицер өз-өзін атып өлтірді

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады.

«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ оның өлер алдындағы хаты табылған. 

"Мен көп ауырғанмын. Өкпем ауырған, қолым сынған, ит қапқан. Бәрінен кешірім сұраймын! Ешкімге масыл болғым келмейді. Ешкімнің мен үшін қиналғанын қаламаймын. Ешкімге өкпем жоқ, ешкімді кінәламаймын", – делінген хатта. 

Айта кетейік, Гвардейск гарнизоны Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Отар ауылдық округінде орналасқан. Бүгін WhatsApp арқылы тараған ақпаратта 1997 жылы дүниеге келген офицердің жүрек тұсынан оқ атып мерт болғаны, рота командирінің орынбасары лауазымында қызмет еткені айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары