$ 443.85  474.3  4.8

Келесі жылы 6,7 млн адамның табысы өседі – министрлік

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге көзделіп отыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінің артуы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адам кірісінің өсуіне әкеледі, ал ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) ұлғаюы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн адам кірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy  хабарлайды.

«Азаматтарды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін Қазақстанда ЕТК және АЕК қолданылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, жыл сайын белгіленеді. Осылайша, Үкімет, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау үшін тұрақты шаралар қабылдауда.

Мәселен, 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ЕТК мен АЕК мөлшері екі рет, жалпы алғанда 10%-ға ұлғайтылды. Биыл олар 5% индексацияланып, ЕТК және АЕК мөлшері тиісінше 34 302 теңге және 2 917 теңгені құрады», - делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделуде. Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде:

•    2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады;

•    1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады.
Бұдан тыс ЕТК деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41%-ды құрайды. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл шара барлық саладағы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табысының өсуіне алып келеді», - деп жазады министрлік.

Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарылайды.

«Осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға, инфляцияны ескергенде – 6%-ға өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243,7 теңгеге жетіп, өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық деңгейді көрсетті. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 9,8%-ды құрады», - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары