$ 447.4  477.55  4.76

Елордада инкассатор ақшасы бар кейсті көшеде ұмытып кеткен

Оны көрген қала тұрғыны бірден полицияға хабар берген.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Нұр-Сұлтан қаласында инкассатор ішінде ақшасы бар кассетаны көшеде ұмытып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, шамамен сағат 09:40-та «Шапағат» сауда үйінің маңынан өтіп бара жатқан азамат көше бойындағы терминалдың жанында жатқан пластмасса кейсті байқаған. Ол бірден 102 операторына хабар берген.

«Ішінде 290 мың теңге ақша қаражаты бар кассетаны «City Transportation Systems» ЖШС-нің қызметкері алаңғасарлығынан ұмытып кеткен. Табылған зат полицияға жеткізіліп, кейінірек көлік компаниясына табысталды. Елорданың Полиция департаментінің басшылығы қала тұрғынына адалдығы әрі белсенді азаматтық ұстанымы үшін ризашылық білдірді», - делінген ведомство ақпаратында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары