$ 499.51  525.83  4.62

Маңғыстаулық мамандар "мұсылман иіссуы" аталып кеткен парфюмның зияны жоқ екенін айтуда

Маңғыстаудың Шетпе ауылында 6 бірдей оқушының улануына себеп болған Dalal иіссуларының адам денсаулығына еш зияны жоқ дейді Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Рабиға Милыбаеваның айтуынша, зертханалық тексерулер парфюмның құрамында денсаулыққа қауіпті заттың жоқ екенін көрсеткен.

"Біріккен Араб әмірліктерінен шығатын DALAL парфюмериялық суын зертханалық тексеруді "Ұлттық зерттеу орталығы" жүргізді. Тексеру барысында ешқандай зиянды заттар анықталмады", - дейді Р.Милыбаева.

Естеріңізге салайық, оқиға 17 қазан күні кешке орын алған болатын. Шетпедегі мектептердің бірінде 6-сыныпта оқитын қыз класқа араб иіссуын әкеліп пайдаланып, оның иісінен барлығы 6 бала уланып қалды.ига Милибаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары