26.11.2021, 16:20

Атырауда жеті баланың анасын аяусыз пышақтап өлтірген

Фото: ашық дерекөз
25 жастағы күдікті қамауға алынған.

Атырау облысы Жылыой ауданда ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қанды оқиға 26 қараша түнде болған. 25 жастағы ер адам жанжал кезінде әйелге бірнеше жерінен пышақ салған. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

“Аталған дерек бойынша 25 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде”, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, осыған дейін Атырау облысы Сағыз ауылында жастар төбелесіп, бір адам қаза тапқан еді. Іздеуге жарияланған үш күдіктінің біреуі ұсталды.