$ 449.3  489.69  4.89

Алматы облысында 6-сынып оқушысын қатарластары өлімші етіп ұрып-соққан

Басынан ауыр жарақат алған Арман Юсуповқа дәрігерлер операция жасады.

Алматы облысында 6-сынып оқушысын қатарластары өлімші етіп сабаған. Келеңсіз оқиға Рахат ауылдындағы №1 орта мектепте болған. Басынан ауыр жарақат алған Арман Юсуповқа дәрігерлер операция жасады. Қазір жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Күні-түні аурухананы торуылдап, баласына алаңдаған Зарина Юсупова мектептегі сұмдықты еске алуға қорқады. Оның айтуынша, 12 жастағы ұлын өткен бейсенбіде қатарласы соққыға жыққан. Ал мектеп басшылығы  оны жасыруға тырысты дейді. Баласының құлап қалғанын айтып, үйіне қайтарып жіберген. Жағдайы нашар болса да жәдел-жәрдем шақыртқызбағанын айтады.  

Күннен күнге әлсіреп, бас ауруы үдеген Арманды анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер хәлі мүшкіл екенін айтып, бірден отаға алып кеткен. Сол сәтте мектептегілер келіп, қоқан-лоққы көрсетті дейді.

«Балам шындықты айтты. «Балалар жабылып ұрды, мама, мен сізге айтпап едім» деді. Оның үстіне, менің балама мектепте еден, қабырға жуғызады екен. «Жансая мен Мадина деген кісі мені өздері келіп ұрды» деді», - дейді жәбірленушінің анасы Зарина Юсупова.

Ашынған ана полицияға арыз жазуға барған. Бірақ ондағылар шағымын қабылдамаған көрінеді. Ал мектеп ұжымы істі жылы жабуды сұрады дейді. Ал дәрігерлер 12 жастағы Арманға ота жасалғанын хабарлады.

«Асқыну болған. Баланың ауыз қуысында жара пайда болған. Бет-әлпетіндегі инфекция самай аймағына кеткен. Операция жасалып, бүкіл  ірің шығарылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы», - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының жақ-бет хирург дәрігері Байкен Тоққожаев.

Дегенмен жәбірленушілер баланың бүгінгі хәлін жақсы деп айта алмаймыз деп отыр. Оқушы психологиялық соққы алғанын айтады.

«Мектеп директоры кешеден бері осы іспен айналысуда. Таңертең осы жұмыстың бабымен ауруханаға балаға кеткен болатын . Сонда кеткенін айтты. Қазір телефоны өшіп тұр», - деді Рахат ауылдық оуругі № 1 орта мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Азатқызы.

Ал Полиция Департаменті аталған іске қатысты  шағым түскен жоқ дейді.  

«Аталған дерек бойынша аудандық аурухандан, мектеп әкімшілігінен және ата-аналар тарапынан ешқандай арыз Еңбекшіаудандық полиция басқармасына келіп түспеген. Дегенмен қазір тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әбілтай Әбенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұрып-соғу