$ 449.3  489.69  4.89

АҚШ-тағы банкте бұғатталған Ұлттық қордың активтері Қазақстанға қайтарылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен тыйым салу алынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен тыйым салу алынды. Қаражат Қазақстан Ұлттық банкінің иелігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулыны алған болатын, кейіннен ол Бельгияның бірінші сатыдағы сотының қаулысымен расталды. Bank New York Mellon банкінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 530 миллион доллар сомасындағы активтері 2018 жылғы мамырдан бастап бұғатталған еді.

«2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды», - делінген хабарламада

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары