$ 510.08  539.61  5.15

«Қазақстанның тағдыры Сарыағашқа байланысты» - Түркістандық шенеунік

Рақымбек Жолаев Сарыағаш ауданында балабақша, мектеп, ұстаздардың көп екенін алға тартады.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының онлайн қатысуымен өткен жиынның видеосы пайда болды. Онда шенеунік ел тағдыры Сарыағаш ауданымен байланысты екенін айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Айна Оңтүстік есімді Facebook қолданушысы бейнежазбаның үзіндісін өз парақшасында жариялады. Оның мәліметінше, облыстың бас ұстазы аудандағы барлық мектеп директорларының басын қосып, жиын өткізген. Жиынға онлайн форматта қатысқан басқарма басшысы Рақымбек Жолаев Сарыағаш ауданында балабақша, мектеп, ұстаздардың көп екенін алға тартады.

Сонымен қатар Қазақстан тағдыры осы ауданмен байланысты екенін айтады.

"Мектеп те, балабақша да, ұстаздар да көп. Сондықтан бұл Сарыағаш ауданы дұрыс болса, онда облыс дұрыс болады. Облыс дұрыс болса, республика дұрыс болады. Біздің Қазақстанның тағдыры Сарыағашқа байланысты негізі...", — деді адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары