$ 494.87  520.65  4.91

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 28 қараша күнгі ауа райы

Еліміздің тек қиыр батысында қар мен жаңбыр жауады.

28 қарашада ауқымды антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің тек қиыр батысында қар мен жаңбыр жауады.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл маңында жел 23-28 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болады, түнде жел 15-20 м/с екпінмен соғады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында желдің күші 15-20 м/с артады, жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с соғады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы