Бакуде батутта секіруден жасөспірімдер арасында (11-12 жас) 28-ші әлем чемпионаты өтті. Сайыста қазақстандық Ислам Қабдоллов ел намысын қорғады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы olympic.kz агенттігі мәлімдеді.
11 жасар Ислам акробаттық жолда секіруден қарсыластарын шаң қаптырып, алтын медаль иеленді. Әлем чемпионатының финалында Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінен келген спортшылармен бақ сынасты.
Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Ислам Қабдоллов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген.