$ 443.85  474.3  4.8

Головкин Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге дайын екендігін айтты

Риота Муратамен 29 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға барып, екінші айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Егер үстелімнің үстінде қызықты ұсыныс болса, Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге сұраныс болса, оны қарауға дайынмын. Себебі, онда менің ең көп жанкүйерлер тобымның бірі бар», - деді Головкин.

Еске салайық, 39 жастағы қазақстандық Ұлыбританияда 2016 жылы айқас өткізді. Головкин жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен 29 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары