Алматы облысында балабақшада 4 жастағы бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Талғар қаласында орын алған. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлайды.
Департамент мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 қараша күні балабақшалардың бірінде болған. Сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылған.
«4 жастағы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама барысында баланың тамағынан қатты пластмасс зат табылды. Іс ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау, Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соғу ) бойынша жүріп жатыр»,- делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.