$ 494.87  520.65  4.91

Мұнай күрт қымбаттады

Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері 4,552 пайызға, барреліне 76,03 долларға дейін өсті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мұнайдың әлемдік бағасы кейінгі жұмада "омикрон" коронавирусының жаңа штамының пайда болуы туралы жаңалықтарға байланысты өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 09.20-дағы жағдай бойынша Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері 4,552 пайызға, барреліне 76,03 долларға дейін, WTI-де 5,517 пайызға, барреліне 71,91 долларға дейін өсті.

Еске салайық, 26 қарашада мұнай бағасы 11-13 пайызға төмендеді, қыркүйектен бастап "омикрон" деп аталатын Оңтүстік Африкадан коронавирустың жаңа штамының таралып жатқаны хабарланды. Бұрын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны "алаңдаушылық тудыратын" жағдай деп атаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары