30.11.2021, 08:27

Синоптиктер 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, бірқатар облыста жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында тұман – желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз шаңды дауыл соғады.

Қостанайда, Солтүстік Қазақстанда, Қызылордада, Жамбыл облысының таулы аудандарында, тұман күтіледі – желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері аймағында желдің күшеюі 18-23 байқалады.