01.12.2021, 09:25

Эпидахуал: Бір облыс «қызыл», төрт облыс «сары» аймақта тұр

Фото: ашық дереккөз
«Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.