Жаңалықтар 03.12.2021 сағат 11:40

Қостанайда 20 жерден пышақталған ер адам тірі қалды

Қостанайда дәмхананы жалға алушы 44 жастағы ер адамды бірге ішімдік ішкен жас жігіт пышақтап кеткен. Оқиға мекеменің артқы бөлмесінде болған.
Қостанайда 20 жерден пышақталған ер адам тірі қалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанайда 20 жерден пышақталған ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жәбірленушінің қызы аталған қылмысқа назар аударуды сұрап Instagram-да жазба жариялады. Қостанайда дәмхананы жалға алушы 44 жастағы ер адамды бірге ішімдік ішкен жас жігіт пышақтап кеткен. Оқиға мекеменің артқы бөлмесінде болған. Жәбірленуші ғажайыптың арқасында аман қалған, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

"Мен әкемнің басынан өткен жағдайды жария етуді ұйғардым, кінәлі адам  жасаған қылмысы үшін жазалануы керек. Әкем бұл адаммен бірге үстел басында отырғанын есіне алады, ары қарай басынан алған соққының әсерінен ештеңе есінде қалмаған. Әкемнің алған пышақ жарақаттары салдарынан бауыр, асқазан және өкпе секілді өмірлік маңызды органдары зардап шекті. Шабуылшы өз телефонынан жедел жәрдем шақырып, жасырынып, содан кейін жоғалып кетті. Содан кейін ол ұсталды және қазір тергеу изоляторында отыр, мен оның жасаған қылмысы үшін жауап бергенін қалаймын", - деді жәбірленушінің қызы Камила Пашаева.

Полиция департаменті аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр.

"Таныстар арасындағы жанжал спирттік ішімдікті бірлесіп ішу барысында болғаны анықталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Зардап шегушіні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Зардап шеккен ер адамның отбасы Алматы қаласының тұрғындары, Қостанайда ерлі-зайыптылар кафе жалға алып жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар