$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

Куәгерлердің сөзінше, оқиға "Алтын-бұлақ-2" тұрғын үй кешеніне көршілес орналасқан кешенде болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2005 жылы туған жасөспірім өзін-өзіне қол салды. Ол Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің сөзінше, оқиға "Алтын-бұлақ-2" тұрғын үй кешеніне көршілес орналасқан кешенде болған.

"Қылмыстық істі Алмалы ауданы полиция департаментінің полиция бөлімі тергеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы шаралар қабылданды", - деп хабарлады Алматы полция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, "Алтын-бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 120-дан астам адам эвакуацияланған

Қараша айының соңында Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен терезеден секіріп кеткен еді. Әйел мен екі бала оқиға орнында жан тапсырды, үшінші бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған болатын. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары