Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды. Чемпионат алғаш рет 12 салмақ дәрежесі бойынша өтті, деп хабарлайды Stan.kz .
Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ел ішіндегі жарыста 8-ші рет топ жарды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан құрамасы жеңіске жетті. Команданың қоржынында: үш алтын, үш күміс және екі қола медаль. Екінші мен үшінші орынды Шымкент және Алматы командалары бөлісті. Олар үш алтын, бір күміс және үш қоладан жеңіп алды.
Сонымен, 2021 жылғы бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары:
48 келіге дейін: Алуа Балқыбекова (Алматы);
50 келіге дейін: Назым Қызайбай (Алматы);
52 келіге дейін: Жайна Шекербекова (Шымкент);
54 келіге дейін: Дина Жоламан (Ақмола облысы);
57 келіге дейін: Карина Ибрагимова (Ақмола облысы);
60 келіге дейін: Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан);
63 келіге дейін: Аида Әбікеева (Нур-Султан);
66 келіге дейін: Дариға Шәкімова (Алматы);
70 келіге дейін: Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан);
75 келіге дейін: Надежда Рябец (Қостанай);
81 келіге дейін: Фариза Шолтай (Шымкент);
81 келіден аса: Дина Исламбекова (Шымкент).