Жаңалықтар 13.12.2021 сағат 18:00

Халықаралық іздеуде жүрген Қайырбеков ұсталды

Оның үстінен қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Халықаралық іздеуде жүрген Қайырбеков ұсталды
Дастанбек Қайырбеков
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу бөлімі бастығының экс-орынбасары, халықаралық іздеуде жүрген Дастанбек Қайырбеков ұсталғаны белгілі болды. Ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) елордадағы департаменті іздестіріп жатқан аумақтық департамент басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды. Оның үстінен қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар