$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық әйел көріпкелге 12 миллион теңге беріп жіберген

Жәбірленуші көріпкелмен әлеуметтік желі арқылы хат жазысқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі "тегін көріпкел" деген хабарландыруға сеніп, 12 млн.теңгесінен айырылып қалған, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Polisia.kz  агенттігінің дерегінше, жәбірленуші көріпкелмен әлеуметтік желі арқылы хат жазысқан. Ол әйел адаммен сөйлесіп отырмын деген сенімді болыпты. Әрі, көріпкелдің рәсімдерді орындауға қажет заттар алуға деп сұраған қаражатын да ойланбастан бере салыпты.

Осылайша, 12 266 000 теңгесінен айырылып қалған. Бірақ, дереу есін жиып, бірден полицияға шағымданған. Көпұзамай көріпкел де қолға түсті. Ол 23 жастағы жігіт екен. Қазір күдіктіге қатысты   Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары