$ 494.87  520.65  4.91

Этномәдени әртүрлілікті басқарудағы қазақстандық тәжірибе (1-бөлім)

Әлем елдерінде аналогы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекшелігі неде?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлем түбегейлі өзгеруде. Әлемдік дағдарыс жаһандық халықаралық ұйымдардың тиімсіздігін, әскери одақтардың әлсіздігін және әлемдік экономикалық жүйенің тұрақсыздығын айқын көрсетіп берді. Әр түрлі дағдарыстық процестер жалғасып жатыр және әлемдік қауіпсіздік жүйесінің жағдайы күн өткен сайын әлсіре барады. Әлем елдерінде аналогы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекшелігі неде? Skifnews.kz ақпараттық порталы бүгінгі сараптамада осы сауалға жауап іздеп көрмек.

Күштердің геосаяси тепе-теңдігі дәуірінде қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесі мен халықаралық қауіпсіздік қағидаттары КСРО ыдырағаннан кейін құлдырап, күш пен артықшылық стандарттарымен алмастырыла бастады. ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында басталған жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу процесі Варшава пактінің өзін-өзі таратуының, Кеңес одағының ыдырауының және ең соңы биполярлық әлемнің жойылуының салдары болған жаңа геосаяси конфигурацияның пайда болуына алып келді.

Соңғы жағдай әлемдегі жалғыз үстемдікке күмән келтіретін жаңа күш орталықтарының пайда болуына ықпал етті. Өз кезегінде бұл әлемдік және өңірлік көшбасшылық, ықпал ету салалары және геосаяси шекаралардың кеңеюі мақсатындағы күрестің күшеюіне әкелді. Одақтың ыдырауы Қазақстанды қоспағанда, кейбір бұрынғы одақтас елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, этникалық жағдайына ауыр әсер етті.

Посткеңестік кеңістікте бұрынғысынша көршілес мемлекет аумағының бір бөлігін қандай да бір мемлекеттің талап етуіне байланысты, Ресей мен Украина, Әзірбайжан мен Армения, Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы өзара қарым-қатынастардағы шиеленіске негізделген қақтығыстар орын алып отыр. Өзбекстан мен Қырғызстан арасында шекаралық дауларға байланысты қақтығыстар туындайды. Шекараларды делимитациялау мен демаркациялаудың болмауы, шекаралық қақтығыстар мен атыс-шабыстар – жағдайдың шиеленісуі салдарынан болатыны айқын.

Ал, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарға байланысты Еуропаға босқындар легі ағылғанына әлем куә. Еуропада ішкі қайшылықтар мен қақтығыстар күшейе түсті. Сарапшылардың пікірінше, қарулы қақтығыстар салдарынан үйлерін тастап кеткен адамдар санының осыншама қарқыны бұрын-соңды болған емес.

Қазіргі таңда этносаралық келісімнің маңыздылығы айқын және түрлі өңірлерде оны жолға қою үшін мемлекеттер мен қоғамдық сектор ұйымдары тарапынан зор күш жұмсалуда. Сарапшылар мен ғалымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен медиашылар этносаралық келісімнің қазіргі жағдайдағы қажеттілігі мен маңыздылығын жақсы түсінеді және оны жолға қою үшін түрлі қадамдар жасап келеді.

Қазақстан жерінде мультиэтносты, көпконфессиялы қоғам жобасын іске асырудың табыстылығына байланысты көптеген саясаткерлер мен ғалымдар қазақстандық модель - 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) бірегейлігін мойындап отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы Қазақстанның мәдениетаралық диалогтың жаһандық процесіне қосқан елеулі үлесіне айналды.

Сонымен, бірінші. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностың мүддесін нығайтып, олардың ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ететін Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементіне айналды.

Екінші. Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемдегі саяси мәртебесі бар жалғыз ұйым, оның төрағасы - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын Конституциялық орган, Конституцияның кепілі болып саналады. Бұл оның ерекше жоғары мәртебесін анықтайды. Мысалы, Ресейде және бірқатар елдерде мұндай Ассамблеялар қоғамдық ұйымдар ретінде қарастырылады.

Үшінші. Ассамблеяның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» арнайы Заңында, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде» айқындалған, онда оның ел саясатындағы рөлі, мақсаттары, негізгі міндеттері, қызметінің бағыттары мен өкілеттіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру ерекшеліктері, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу тетіктері айқындалған.

Төртінші. Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында дербес бөлім ретіндегі жұмыс органы іспеттес. Бұл оның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастарға қатысуының тиімділігін көрсетеді. Қазақстан халқы Ассамблеясында 13 құрылым бар: ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, «ҚХА қоры» қоғамдық қоры, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Жастар кеңесі, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы және т.б.

Бесінші. Кепілді өкілдік ретінде еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы – Парламентте этностардың мүддесін білдіруі өте маңызды. Тағы бір айта кетерлігі, Ассамблея атынан түрлі этностар өкілдерінен ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайланады. 

Алтыншы. Ассамблеяның жоғары органы - жыл сайын ел Президентінің төрағалығымен өтетін Сессия және оның барлық шешімдері мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғам институттарының да қарауы үшін міндетті болып саналады.

Жетінші. Этномәдени диалогты қамтамасыз ету ресурстары. Көпэтносты қоғамның үлгісі тек Ассамблея институтымен шектелмейді. Елімізде оқу толығымен өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін мектептер жұмыс істейді.

Жалғасы бар...

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары