$ 494.87  520.65  4.91

Этномәдени әртүрлілікті басқарудағы қазақстандық тәжірибе (2-бөлім)

Материалдың бірінші бөлімінде бейбітшілік пен келісім жолындағы қазақстандық модельдің жеті негізгі ерекшелігіне баяндалған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлем елдерінде аналогы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекшелігі неде? Skifnews.kz ақпараттық порталы кезекті сараптамасын осы сауалға жауап беру мақсатында назарларыңызға ұсынады. Материалдың бірінші бөлімінде бейбітшілік пен келісім жолындағы қазақстандық модельдің жеті негізгі ерекшелігіне баяндалған болатын.

108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тілі дербес пән ретінде оқытылады. Сонымен қатар, 195 мамандандырылған лингвистикалық орталық жұмыс істеп тұр, онда балалар ғана емес, ересектер де 30 этностың тілін оқи алады.

Барлық өңірлерде Достық үйлері жұмыс істейді. Астанада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен салынған Бейбітшілік және келісім сарайы жұмыс істейді. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары, әлемдік және дәстүрлі діндер съездері өтеді. Қазақ және орыс театрларынан басқа, елде тағы төрт ұлттық театр жұмыс істейді – өзбек, ұйғыр, корей және неміс.

Қазақстан Республикасында этномәдени өзара қарым-қатынас саласында этномәдени бірлестіктердің ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытуды қолдауға ерекше орын берілген. Ақпараттық алаңда 35-тен астам этникалық газеттер мен журналдар белсенді жұмыс істейді. 6 ірі этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен шығады. Газеттер мен журналдар 11 тілде, радиохабарлар - 8 тілде, телебағдарламалар-7 тілде таратылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның этномәдени бірлестіктері қалай жұмыс істеп жатыр?

Тек этносаралық қана емес, іс жүзінде өркениетаралық диалогты нығайтудың Қазақстандық тетігі, дінаралық келісімнің қазақстандық моделі көптеген этностардың оң қарым-қатынасы мен өзара іс-қимылының сирек кездесетін мысалдарының біріне айналды.

Шет елдер қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытып отыр. Бірақ бұл насихатты, әлемдік аренадағы кең өкілдікті талап етеді. Қазақстандық модельге Ресей тарапынан қызығушылық бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ресей халықтары Ассамблеясы арасында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы Меморандум жасалды.

Соңғы уақыттағы оқиғалар әлемдік қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туралы пікірлердің негізділігін айқын көрсетеді. Жаһандық проблемаларының күрт шиеленісуі мемлекеттер арасындағы ғана емес, сонымен қатар, этностар мен діндер арасындағы түрлі бәсекелестікті шектеуді талап етеді. Қауіпсіздік пен этносаралық диалог тақырыптарының өзара байланысы, жаңа коммуникациялық технологиялардың осы процестеріне әсері бүгінгі күні барынша өзекті, мақсатты зерделеуге лайық болып отыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары