Жаңалықтар 16.12.2021 сағат 08:32

ҚР Премьер-Министрі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі.
ҚР Премьер-Министрі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Өткен жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық даму жолында, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға негізделген стратегиялық бағытты одан әрі жүзеге асырып келеді. Елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Тарих үшін 30 жыл едәуір көп уақыт болмаса да, біз үшін бұл – егемен мемлекетіміздің қалыптасуының дербес жолы», - деді А.Мамин құттықтауында.

Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі.

«Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті. Барша қазақстандықты осы айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуді тілеймін! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!», - деп түйіндеді Министрлер кабинетінің басшысы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар