Қызылорда облысында кәмелетке толмаған үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсанда сағат 18.00-де Қармақшы ауданы Төретам аулындағы аялдамалардың бірінде болған.
"Жасөспірімдер медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ведомствоның баспасөз релизінде.
Полицейлер күдіктілерді ұстады.
"Бүгінде бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда облысының ПД өкілдері.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.