18.12.2021, 09:28

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 14 адам көз жұмды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі 18 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 821 адам коронавирус инфекциясынан (–17 244+ және 2 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 390 пациент стационарда, 16 431 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Короанвирустан өткен тәулікте 14 адам көз жұмды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

296 адамның жағдайы ауыр,

72 пациенттің жағдайы өте ауыр,

57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 36жаңа жағдай тіркелді, 36 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 83 619; 

- өлім жағдайы – 5 195;

- барлығы 75 847адам сауығып шықты.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.