Жаңалықтар 19.12.2021 сағат 01:18

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанды

Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Шоудың басты жекпе-жегінде Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен жұдырықтасып, жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін сарапқа салды. 

Елеусінов қарсыласын екінші раундта екі рет, үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Бірақ аргентиналық боксшы кездесуді жалғастырып, 12 раундқа шыдады. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. 

Осылайша, Елеусінов тарихта әлем чемпионы белбеуін таққан бесінші қазақстандық атанды. Бұған дейін әлем чемпионы титулына Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов қол жеткізген еді.

Айта кетейік, 30 жастағы Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы, 2013 және 2015 жылдары Азия чемпионы болған.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар