$ 499.51  525.83  4.62

Еліміздің бірнеше облысында күн күрт суытады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мамандары еліміздің бес бірдей облысында дауылдың болатынын ескертіп отыр. Жалпы, алдағы бірнеше күнде Қазақстанның басым аумағында ауа райы күрт өзгереді дейді мамандар.

"9 қараша күні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 9 қараша күні күндіз және 10 қарашаның түнінде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан күшті желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетіп, дауыл соғады. Көктайғақ болып, аяз орнайды", - делінген Комитет мамандарының таратқан ақпаратында.

Астаналықтар да қамдануы тиіс. 9 қараша күні елордада жылдамдығы секундына 10-20 метрлік дауылды жел соғып, аяз орнайды. Бұл күні жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстары Оңтүстік Орал мен Батыс Сібірден келген циклонның ықпалында болады. Облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерге тұман түседі.

"Ал, республиканың оңтүстік облыстарында күн ашық. Ауа температурасы нормадан жоғары", - дейді синоптиктер. Ал, жалпы биыл қыс елімізде қарлы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары