$ 499.51  525.83  4.62

Алматыдағы өрттен қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңгеден жұмыс істеген

Almaty Towers бизнес-орталығында орын алған өрт салдарынан қаза тапқан 6 адамның бесеуі студенттер екені анықталды. Олардың үшеуі Шымкенттің тұрғындары. Барлығы да аталған орталықта қосымша қаражат табу үшін жұмыс істеген деп жазады Informburo.kz.

Жас жігіттер ұсақ техникалық жұмыстарды істеумен айналысқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оларға сағатына 500 теңгеден ақы төлепті.

Марқұмдардың денелерін құтқарушылар өрт болғаннан кейінгі келесі күні сағат 11:00 шамасында тапқан болатын.

"Олар 1994, 1995 және 1996 жылы туған жас жігіттер, бәрі де Алматыдағы ЖОО-ларда студент болған", - дейді полицейлер.

Қызыл жалын 1800 шаршы метрді аумақты қамтыған. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары