$ 494.87  520.65  4.91

Елге танымал сынықшы Айнұр Асқарқызы тұрмысқа шықты

Айнұрды оқырмандарынан бөлек, елге танымал жұлдыздар да құттықтады.

Танымал блогер, сынықшы Айнұр Асқарқызы тұрмысқа шықты. Ақ келін атанғаны жайлы сынықшының өзі хабарлады. Ол той жасамағанын, үйінен ұзатылып шыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қосай Тіней ауылына ақ келін болдым! Ақ Кетік қаласына да келінмін.

Аллаға шүкір еттім. Үлкен той жасамадым. Сыныптастарым, группаластарым, емші достарым, емші аға-апаларым, сыйлас жандар, басқа қаладағы достарым бәріңізге бөлек-бөлек шәйім бар. Тек үлкендердің батасын алып бас қосу болды мақсатым! Оқырмандарым дұға тілектеріңізді осы жерде күтемін. Суреттер алда болады. Әзірге осы екен! Дұғаларыңызға мұқтажбыз! Ата-анамның ақ батасы қабыл болсын", - деп жазды ол. 

Айнұрды оқырмандарынан бөлек, елге танымал жұлдыздар да құттықтады. 
"Айнұржан сен үшін қуанып отырмын. Алла бағыңды ашсын!" - деді Қарақат Әбілдина. 

"Маа Шаа Алла, жаным сол. Аллаға сансыз шүкірлер. Бақытың баянды болсын жаным", - деп жүрекжарды тілегін арнады Алтынай Жорабаева. 

Сондай-ақ, Ерке Есмахан, Сара Амангелді, Балжан Бидаш, Динара Сәтжан, Ғаділбек Жаңай, Айнұр Тұрсынбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Дана Есеева сынды белгілі тұлғалар сынықшы Айнұрға ақ тілектерін жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары