$ 445.66  474.58  4.78

«Қазақстанда орыс тілінен ешкім бас тартпайды» – Абаев

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев бірқатар ресейлік БАҚ жазған Қазақстандағы орыс тіліне қарсылық туралы айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәселе ел президентіне қол қоюға жіберілген көрнекі ақпарат туралы заң жобасына қатысты. Мұндай құжатты әзірлеу туралы жаңалыққа ресейлік депутаттар өз пікірлерін айтқан болатын.

– Кейбір ресейлік депутаттар бұл заң жобасын Ресей үшін жағымсыз деп санауды қажет дейді. Себебі, бұл түзетулер Қазақстанда орыс тілін болдырмау, – деп атап өтті «Открытой диалог» жүргізушісі Александр Трухачев.

Дәурен Абаев қазақстандық заң жобасы туралы ақпарат ресейлік БАҚ өкілдерінде біржақты берілген деп есептейді.

– Алдымен айтарым, кейбір ресейлік БАҚ-та заң жобасы туралы ақпарат біржақты, тіпті түрлендіру арқылы да берілген. Мысалы, кейбір басылымдардың тақырыптары «Қазақстан орыс тілін сыртқы жазуларда қолданудан бас тартады» дейді. Біз сыртқы жарнамада орыс тіліне тыйым салатын заң қабылдағандай көрінеді. Ең өкініштісі, көптеген адамдар тек өрескел тақырыпты ғана оқып, ары қарай мақаланы толық оқымайды.

Сол тақырып бойынша, ол өзінің жаңсақ пікірін қалыптастырады. Шын мәнінде, ешкім орыс тілінен бас тартып отырған жоқ. Біз тек қазақ тілін қолдануды міндеттейміз. Егер маңдайша екі немесе үш тілде болса, еш кедергі жоқ, – деп жауап берді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда сыртқы жарнамада, маңдайшаларда, мейрамханалар мәзірінде қазақ тілі қолданылмайды немесе дұрыс пайдаланылмайды. Мемлекеттік тілде қате жазылады. Сондықтан қазақстандық депутаттар бұл мәселені жиі көтеріп тұрады.

– Бізде кей зат атаулары немесе ұрандардың қазақ тіліне тікелей аударылған калька аудармасы елді күлдіретін интернеттегі «мемге» айналып кетті. Мағынасыз дүние пайда болады. Сондықтан заң жобасында түпнұсқалық аударма мен орфография нормаларын сақтау бойынша талаптар жазылған, – деп толықтырды Абаев.

Тағы бір шарт – елді мекендердің атауларын тарихи түпнұсқа түрінде дұрыс жазу.

– Мысалы, Үлгі ауылы орыс тілінде Примерное ауылы болып немесе Ульга ауылы деп жазылмайды. Ол Үлгі атауын сақтап қалады. Ал Новоалексеевка ауылы қазақша Новоалексеевка ауылы болады. Жаңаалексеевка ауылы емес. Бұл қазақ тілінің топонимдері мен нормаларына тәртіп енгізу, Қазақстанда орыс тілінен ешкім бас тартпайды, – деп түсіндірді Абаев.

Ол Қазақстанда сыртқы жарнамада «орыс тілінің мәселесі жоқ» деп атап өтті. Ал қазақ тілінде бар, сондықтан бұл мәселені шешу керек.

– Қазіргі уақытта сыртқы жарнамаларда орыс тілін қолдануда тұрған проблема жоқ. Ал, қаза тілінде, өкінішке қарай, бар. Біз бұл жағдайды түзетуіміз керек. Және оны біз мемлекеттік тілді пайдаланудағы сапалы бақылау жасау арқылы жасаймыз. Дерусификация туралы әңгіме жүріп жатқан жоқ. Біз тек мемлекеттік тілдің сапалы және дұрыс қолданылуы үшін күресіп жатырмыз. Мемлекеттік тілге деген құрмет үшін, бар болғаны сол, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында мәжіліс «маңдайшалар туралы» заң жобасына сенаттың түзетулерімен келісіп, құжатты мемлекет басшысына қол қоюға жіберген болатын.

Заңға енгізілген түзетулер сыртқы жарнамалар мен көрсеткіштерде қазақ тілін дұрыс қолдануды көздейді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары