$ 494.87  520.65  4.91

Ақтоты Райымқұлова спорт пен мәдениет саласының бір министрлікте болуына қатысты пікір білдірді

Министр Олимпиададан кейін отставкаға өтініш жазғанын да айтты.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында спорт пен мәдениет саласының бір министрлікте болуына байланысты және «отставкаға кету мүмкін бе?» деп қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Біз бәріміз адамбыз, кейде қателесуіміз мүмкін. Спорт пен мәдениет саласы бір министрлік бола ма, әлде екіге бөліне ме оны ел басшылығы шешеді. Сондықтан біз қазір өз жұмысымызды мейлінше жақсы атқаруға тырысып жатырмыз», - деп жауап берді Райымқұлова. 

Брифинг барысында журналистер мәдениет министрінен Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кетуі туралы ойын сұрады.

«Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен бұрынғы вице-министр Сәкен Мұсайбеков ұсталған кезде басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін», - деді Мәдениет және спорт министрі.

Еске салсақ, 2021 жылы Жапонияның Токио қаласында Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында небәрі 8 қола медаль алды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары