$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова Ирина Қайратовна тобының үстінен арыз жазуға ниетті

Ол фильмде образын жасаған және әнін шығарған топтың одан рұқсат сұрамағынын айтты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Халық әртісі Мақпал Жүнісов «Отыздан асып барамын» фильмін түсірушілеріне шүйлікті. Ол топ мүшелерін «менің жауым» деп атады. Әнші оларды одан рұқсат сұрамағаны үшін сотқа арыз беретінін айтты.

Ол өзінің Instagram парақшасында үндеу жасады. Ол фильмде образын жасаған және әнін шығарған топтың одан рұқсат сұрамағынын айтты.

«Отыздан асып барамын» деген кино шығыпты. Маған оның сілтемесін жіберіп жатыр. Ол жерде менің де рөлім бар екен, бірақ мен ойнаған жоқпын. Маған ешкім айтқан да, рұқсат сұраған да жоқ. Ойнаған актриса мен емес. Мен олай ойнамаймын. Тек менің даусымды алған. Оны да менің рұқсатымсыз алған. Мен әлі тірімін. Жер басып жүрген адаммын. Мен олай боянбаймын да, домбыраны жерге сүйретіп жүрмеймін де. Олар мені жаман көрсеткісі келген. Олар – менің жауларым» деді Мақпал Жүнісова.

Жүнісова соттасуға уақыты жоқ екенін айтып, топ мүшелеріне өз талабын айтты.

«Менің ешкіммен соттасып жүретін уақытым жоқ. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Менің оларға қояр талабым – кинодағы мені сомдаған кадрларды алып тастасын, алмаса, сотта кездесеміз» деді Мақпал Жүнісова.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары