$ 448.15  483.46  4.86

Жаңа жылдан бастап азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жаңа жылдан бастап, азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды. Мұны Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

 Мәселені шешуге министрлік қауқарсыз деп қосты. Бұған ең төменгі жалақының 2022 жылдан бастап өсуі себеп деді.

«Жалақы көбейгендіктен, тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек. Бірақ негізі жалақыны көтеру үшін біз істеп шығаруды көтеруіміз керек», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Елордалықтар баға күн сайын өсіп келе жатқанына шағымданды. Қымбатшылық қалтаны қаққанын айтады. Бағынбай бара жатқан бағанының салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары