$ 494.87  520.65  4.91

Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Жұма күнгі ауа райы

Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ болжанады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

24 желтоқсанда солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағының барлық бөлігіне ықпалын тигізеді, соған байланысты қар жауады.

Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болады.

Елдің тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің күші 23-28 м/с артады.

Павлодар облысының батысында – бұрқасын мен көктайғақ, өңірдің солтүстігі мен батысында 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде – тұман, түнде солтүстігі мен орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, өңірдің батысы мен оңтүстігінде – тұман, түнде батысы мен орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында – жаяу бұрқасын, тұман, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Түнде Атырау облысының оңтүстігін тұман басады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде көктайғақ болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігінде – тұман, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында – жаяу бұрқасын, солтүстігінде 15-20 м/с екпінде күтіледі.

Алматы облысының Алакөл маңында 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында тұман болады, таулы асуларында 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы