$ 494.87  520.65  4.91

«Балалар секіре бастады»: Павлодар облысында өртенген шағын автобус жайлы тың дерек шықты

Қыздың айтуынша, төтенше жағдайдан соң балалар үйге дейін төрт шақырым жаяу жүрген. Ал Павлодар облысы білім беру басқармасы ТЖ-дан кейін балалар үйге жеткізілгенін хабарлады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында мектеп оқушылары отырған шағын автобус жол қозғалысы кезінде өртке оранды. Оқушылардың бірінің әпкесі балалар автобустан секіріп түскенін айтады. Төтенше жағдайдан кейін олар үйге дейін төрт шақырымдай жаяу жүрген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бір бала капоттың түтінге оранып жатқанын байқаған. Балаларға бірден секіріп түсуді ескерткен. Жауапты адам салоннан тез шығып кеткен. Ол көлік жүргізушісінің қасында отырған, негізі балалармен отыруы қажет еді. Көліктің есігі бұзылған, балалар оны әрең ашыпты. 6 - сынып оқушысы балалардың шығуына көмектесіп, "ГАЗельден" бәрін өзі түсірген", - дейді мектеп оқушысының әпкесі.

Қыздың айтуынша, төтенше жағдайдан соң балалар үйге дейін төрт шақырым жаяу жүрген. Ал Павлодар облысы білім беру басқармасы ТЖ-дан кейін балалар үйге жеткізілгенін хабарлады.

"Көлік өртенгенде салонда болған алты бала да тез арада эвакуацияланып, үйіне жеткізілді. Өрт орнына тез арада ауыл әкімдігі өкілдері мен ТЖ бөлімі жетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт көлік салонындағы пеш жанынан шыққан, өрт сөндіру құралын пайдалану мүмкін болмаған. 16 желтоқсан күні техникалық қызмет көрсету бекетінде пеш ауыстыру жұмыстары жүргізілгені анықталды",- деді өңірдің білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары