$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстанда омикрон штаммы табылғаны рас па?

Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығына коронавирус жұқтырған науқастардың оң нәтиже көрсеткен сынамалары жіберілді.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде омикрон штамы табылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде облыста омикрон жағдайы тіркелген жоқ. Әлемде омикрон штамы анықталуына байланысты, сондай-ақ омикрон штамын секвенирлеу үшін COVID-19-ды эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде SARS-COV-2 жаңа нұсқаларын уақтылы анықтау маңызды екенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығына коронавирус жұқтырған науқастардың оң нәтиже көрсеткен сынамалары жіберілді. Нәтижесі әлі дайын емес", - деді ведомство басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Бұған дейін "Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялап, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастаған еді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары