$ 442.05  474.14  4.74

Минус 33 градусқа дейін аяз: Елімізде алдағы күндері ауа-райы қалай болады?

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазгидромет 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанда алдағы күндері температураның төмендеуі болжануда. 

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Яғни жауын-шашын жауады. Ал олтүстік өңірлерде қар күтіледі. Сондай-ақ көктайғақ, тұман, екпінді жел, бұрқасынның болуы болжанып отыр. 

Батыста температура көтеріледі: түнде -14-23°C -тен -3-13°C -ке дейін аяз болса, күндіз -13+3°C-ке дейін жылынады. Солтүстік-батыста — түнде -17-33°C-тан 7-23°C-ке дейін аяз болса, күндіз 10-25°C-тан 2-11°C-ке дейін суық болады.

Ал солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33°C аязды, күндіз 10-26°C-дан 5-15°C-ке дейін суиды.

Орталық пен шығыста да ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: солтүстік-шығыста түнде 5-15°C-тан 10-25°C-ке дейін аяз, күндіз 2-11°C-тен 5-20°C-қа дейін аяз, оңтүстікте түнде -15°C аяз — +3°C жылудан 3-20°C аязға дейін болады. Күндіз 8°C аяз — 12°C жылудан 10 °C — 3°C жылу аралығында, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 5°C аяз — 3°C-тан 0-8°C аязға дейін, күндіз 2-10°С-тан 0-10°C аязға дейін болады.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары