$ 498.34  519.72  4.85

Сарапшы АЭС-тің Балқаш көлін «жұтатынына» алаңдаулы (ВИДЕО)

Атап айтқанда, аймақта құрғақшылық болып, Балқаш көлі тартылуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде атом электр станциясын салудың салдары Балқаш көлінің тартылуына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, аймақта құрғақшылық болып, Балқаш көлі тартылуы мүмкін. Энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаевтың айтуынша, жобаның экономикалық тиімділігі де төмен.

«Бұл жобаны салуды қолдайтындар – тек ақша табуға мүдделі адамдар. Ал біз, тұтынушылар, оның құнын қалтамыздан төлейміз. Электр энергиясы үшін де көп шығындалатын боламыз. Себебі АЭС күн батареяларына қарағанда өте қымбат дүние. Одан бөлек, Балқаш көлі тартылуы мүмкін. Еліміздің орталығы мен оңтүстігіне экологиялық апат төніп тұр», – дейді энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаев.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр станциясын салу көзделуде. Елді мекен су көзінен 270 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, станцияны салу үшін ресейлік компания тартылмақ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары