Қазақстан Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясымен атом энергетикасын дамыту саласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Атом саласында білікті кадрларды даярлау аясында 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында 2193 бакалавр, 909 магистр және 135 доктор дайындалды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.